Целиноград ауданының прокуроры Нұрлы ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

Целиноград ауданының прокуроры Нұрлы ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

27.08.2025ж. Целиноград ауданының прокуроры Мұрат Ахимов «Нұрлы» Өндірістік копперативі ғимаратында Нұрлы ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Нұрлы ауылына кіреберіс жол салу» жобасын іске асырылуы созбалануға алу мәселесі қозғалды.

Сонымен қатар, жиынға Астана қаласы әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы м.а., сондай-ақ мердігер ұйымның өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарға митингілер мен бейбіт жиындар өткізу тәртібі, және оларды жергілікті атқарушы органның келісімінсіз өткізу бойынша жауапкершілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, жол құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімін қатаң сақтауды, кемшіліктерге жол бермеу туралы ескертілді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы