Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді

Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді

2025 жылғы 22 тамызда Конституция күні қарсаңында Ақмола облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, өзекті мәселелерді жедел шешу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Қабылдау барысында азаматтарға әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік қызмет, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және басқа да өзекті мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Қабылдау ашық диалог форматында өтті.

Ақмола облысының прокуратурасыzx