Көкшетауда пробация қызметінің есептегі азаматтары арасында жағажай волейболынан жарыс өтті

Көкшетауда пробация қызметінің есептегі азаматтары арасында жағажай волейболынан жарыс өтті

Көкшетау қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Көкшетау қаласының мәдениет және дене шынықтыру және спорт бөлімі «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру аясында Спорт күніне арналған Көкшетау қаласы пробация бөлімінің есебінде тұрған тұлғалары арасында жағажай волейболынан жарыстар өткізді. 

Бұл іс-шараны өткізу заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сотталғандарды мәдени байытуға және қоғамға әлеуметтік интеграциялауға бағытталған.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы