Заңнамалық жаңа өзгерістер талқыланды

Заңнамалық жаңа өзгерістер талқыланды

Ақмола облысы прокурорының орынбасары Ерболат Жүсіптің төрағалығымен Қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қолданылуына байланысты семинар-кеңес өтті.

Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жеке бостандықты сақтау және қамауда ұстау мерзімін ұзарту кезінде тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған Конституциялық Соттың Нормативтік қаулыларын іске асыру мақсатында енгізілгені атап өтілді.

Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, сондай-ақ адвокаттар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында адвокаттардың процессуалдық мүмкіндіктерін арттыру, қылмыстық процестің жарыспалылығын күшейту, қорғау құқығына ие куәгерлердің құқықтарын қосымша реттеу, сондай-ақ «сталкинг», «дропперлік», «некеге тұруға мәжбүрлеу» және т.б. үшін жаңа қылмыстық жауапкершілік түрлері талқыланды.

Нәтижесінде қылмыстық қудалау орбитасына тартылған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің қосымша шаралары әзірленіп, заңнамадағы жаңа нормаларды қолданудың бірыңғай тәсілдері айқындалды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы