Прокурордың «Қазгер-Құс» құс фабрикасына сапары

Прокурордың «Қазгер-Құс» құс фабрикасына сапары

Ағымдағы жылғы 6 тамызда Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев Степняк қаласындағы «Қазгер-Құс» ЖШС құс фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы және Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өтті.

Өндіріс объектісін аралау барысында жергілікті қадағалау органының басшысы құс фабрикасының қызметі мен жабдықталуымен, оның өндірілетін қуатымен танысты.

Негізгі отырыс барысында прокурор «жұмысшы мамандықты» жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ұжымға алғыс білдіріп, Қазақстандағы тауық жұмыртқасын ең ірі өндіруші кәсіпорынның инвестициялық маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, жиналғандарға еңбек заңнамасының негізгі талаптары, жұмыс беруші мен қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтарын қорғау әдістері мен нысандары түсіндірілді.

Құқық бұзушылық профилактикасы аясында қазіргі заманғы зиянды құбылыстар ретінде – есірткінің таралуы, «лудомания» және интернет-алаяқтық туралы жеткізілді.

Іс-шара соңында жиналғандарға прокуратураның байланыс деректері бар профилактикалық брошюралар таратылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы