Степногорск қаласының прокуратурасы студенттері мен мектеп оқушыларына арналған көрсетілім экскурсиясын ұйымдастырды

Степногорск қаласының прокуратурасы студенттері мен мектеп оқушыларына арналған көрсетілім экскурсиясын ұйымдастырды

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен Степногорск қаласының студенттері мен мектеп оқушыларына арналған №5 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде көрсетілім экскурсиясы ұйымдастырылды.

Іс шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, құқыққа қарсы әрекеттердің салдарын түсінуге ықпал ету, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың ұсталуының нақты жағдайларын көрсету болып табылады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы