Бурабай ауданының прокуратурасымен Бурабай кентінің орталық жағажайында профилактикалық іс-шара өткізілді

Бурабай ауданының прокуратурасымен Бурабай кентінің орталық жағажайында профилактикалық іс-шара өткізілді

Жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сананы қалыптастыру, қоғамдық тәртіп нормаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бурабай ауданының прокуратурасымен Бурабай кентінің орталық жағажайында аудандық полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Іс-шара аясында түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін дамыту мен қылмысқа қарсы ой-санасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық кітапшалар мен парақшалар таратылды.

           

Прокуратура алдағы уақытта да ауданда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыруды жалғастыратын болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы