Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан нысандарды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасы аясында олардың іске асырылу барысына тұрақты прокурорлық қадағалау қамтамасыз етілуде.
2025 жылдың 24 шілдеде аудан прокуроры аудан әкімімен бірге Кызылсая ауылына іс сапармен барып, прокуратура органдары қайтарған қаражаты есебінен салынып жатқан су құбыры мен су тарту желілерінің құрылысымен танысты.
Жобаның жалпы құны – 988 374 600 теңгені құрайды. Жұмысты орындаушы мердігер ұйым «ConsultInvestStroy» ЖШС.
Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және санитариялық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі таңда мердігер ұйым жоспарланған жұмыстардың бір бөлігін орындады, ал құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімі Зеренді ауданы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы