«Заң мен Тәртіп» акциясы және «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру аясында Бұланды ауданының прокуратурасы азамат А.-ға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою ісі бойынша көрме сот процесін ұйымдастырды.
Шешімді қайта қарауға азамат А.-ның жүйелі түрде заң бұзушылықтары негіз болды. Ол сот жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сот ұсынылған материалдарды зерделеп, дәлелдерді негізді деп танып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою туралы шешім қабылдады.
Іс-шараның мақсаты - шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың кепілдік болып табылмайтыны және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда жойылуы мүмкін екендігі туралы есепте тұрғандарға ескерту.
Ақмола облысының прокуратурасы