Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізді.
Рейд барысында түнгі уақытта ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталды. Естеріңізге саламыз, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектерсіз үйден тыс жүруі – заң бұзушылық қана емес, олардың қауіпсіздігіне төнетін қатер.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы