Қосшы қаласының прокуратурасы әзірлеген азаматтарды тіркеу жобасы туралы

Қосшы қаласының прокуратурасы әзірлеген азаматтарды тіркеу жобасы туралы

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қала прокуратурасы азаматтарды тұрақты тұратын мекенжайы бойынша тіркеуді бақылауды күшейтуге бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың мемлекеттік және коммуналдық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қалада тұратын азаматтардың нақты есебін жүргізу.

Жоба аясында қазіргі уақытта 3000-нан астам азамат тіркелді.

Жобаны одан әрі тиімді іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, полиция бөлімінің және өзге де мүдделі қызметтердің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңес барысында уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, тіркеу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою, халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру және жалған тіркеудің алдын алу шаралары талқыланды.

 

Аталған жобаны жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы