Кәсіпкерлер алкогольді сатудан өз еркімен бас тартып, азаматтық жауапкершілік танытты

Кәсіпкерлер алкогольді сатудан өз еркімен бас тартып, азаматтық жауапкершілік танытты

Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында шағын бизнес өкілдерінің белсенді азаматтық ұстанымының оң үлгісін көрсетті.

 

Бірқатар дүкендер мен сауда нүктелері алкогольдік өнімдерді сатудан бас тарту туралы өз еркімен шешім қабылдады.

 

Кәсіпкерлердің бұл бастамасын прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар қолдады. Алдын алу шаралары барысында қала прокуратурасы дүкен иелеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыстай отыра, мұндай шешімнің қоғамдық қауіпсіздік үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

Осындай қадамдар құқық бұзушылық деңгейін, әсіресе мас күйде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтарды азайтуға көмектеседі, сондай-ақ қоғамда саналы тұтыну мәдениетін қалыптастырады.

 

Қосшы қаласының прокуратурасы осы бастамаға атсалысқан кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, басқа да бизнес өкілдерін құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығын қамтамасыз етуге үлес қосып, оң үлгі алуға шақырады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы