24.07.2025ж. облыстың ҚАЖД алаңында «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды іске асыру бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кездесуге облыстық соттың басшылығы, облыс прокуратурасының, ҚАЖД, сондай-ақ түзеу мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Рақымшылық Қазақстан Республикасы Конституциясының – елдің Негізгі Заңының 30 жылдығына орайластырылған. Ең алдымен, Заң әлеуметтік осал азаматтарды жазалауды жеңілдетуге бағытталған. Алдағы рақымшылық облыс бойынша 1 мыңнан астам сотталушыны қамтиды.
Кеңеске қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, құқықтық қолдау, сотталғандарды уақтылы хабардар ету, сондай-ақ рақымшылыққа жататын адамдарды одан әрі әлеуметтік бейімдеу қажеттігін талқылады.
Ақмола облысының прокуратурасы