Целиноград ауданының прокуратурасымен тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың жедел есебін талдау барысында лауазымды тұлғамен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекетті жасау фактісі анықталды.
Қоғамдық орында масаң күйде бірнеше адам арасында жанжал туындап, нәтижесінде бір-біріне дене жарақатын салғаны анықталды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.
Аудан прокуратурасының актісі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қабанбай батыр ауылдық округ әкімі қызметінен босатылды.
Ақмола облысының прокуратурасы