«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында марафон ұйымдастырылды

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында марафон ұйымдастырылды

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында және Қосшы қаласы күніне орай қала прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп «KROSS - Салауатты өмір салты 2025» атты 4 шақырымдық марафон ұйымдастырды. 

Іс-шараға қала тұрғындарымен бірге Президент Әкімшілігінің өкілі, бокстан әлем және азия чемпионы М. Ақшалов, Джиу-Джитсудан әлем чемпионы А.Әбдіркенов, Ақмола облысы прокуратурасының өкілі қатысты.

Сонымен қатар марафонда қала прокуроры Д.Ізбасаров, әкім А.Қапышев, жергілікті құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері жүгірді.

Бұл шара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамдық тәртіп пен заңға шақыру, жат әдеттен аулақ болу және спортпен шұғылдануға ынталандыраду мақсатында ұыймдастырылған.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы