Облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы Целиноград ауданында азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Облыс прокурорының орынбасары  Марат Бақтыбекұлы Целиноград ауданында азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы Целиноград ауданында жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың мәселелері жан-жақты тыңдалып, тиісті жауаптар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жеке қабылдауға қатысқан барлық азаматтар өздерінің шешімін қажет ететін сұрақтарын көтеріп, көкейіндегі мәселелерін ортаға салды. Әрбір азаматтық мәселесі жеке қаралып, бірқатары сол жерде шешімін тапты. Қалған мәселелер бойынша жауапты аудан прокуратурасына нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

Сондай-ақ, Марат Бақтыбекұлы іссапармен Родина ауылына келіп, «Родина» Агрофирма ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы