Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Зеренді ауданының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейд өткізді.
Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүрмеген кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ олардың алкогольдік ішімдіктер, темекі бұйымдары мен есірткі заттарын тұтыну фактілерінің жолын кесу болды.
Мұндай рейдтер тұрақты негізде ұйымдастырылып, өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы