Шортанды ауданының прокуратурасымен халықты сумен қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуліде

Шортанды ауданының прокуратурасымен халықты сумен қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуліде

Дамсы ауылдық округі тұрғындарының сумен қамтуда үнемі орын алатын үзілістерге байланысты Шортанды ауданының прокуратурасымен халықты сумен қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуліде.

Аталған талдау шеңберінде аудан прокуроры Оспанов Т.Ж., аудан әкімінің орынбасарымен, Дамсы ауылдық округінің әкімі, ШЖҚ МКК «Шортанды су» басшысымен бірге «Су сүзу станциясы» нысанына барып, тексеру жүргізу арқылы сумен қамтудағы үзілістерге алып келген негізгі себептер анықталды.

Орын алған сүзу жүйесіндегі техникалық сиппатағы кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар әзірленді.

Қазіргі уақытта сумен қамту жағдайын тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша сүзгілер орнату бойынша шаралар қабылданып, тиісті мердігер анықталды.

Сумен қамтуда орын алған үзілістер фактісі бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Бұған дейін де аудан прокуратурасымен Дамсы ауылдық округі тұрғындарының сапасыз сумен қамтуға қатысты көптеген шағымдарына байланысты прокурорлық қадағалау актілері енгізілген болатын.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы