Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халықпен ашық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Аршалы ауданының прокуратурасы аудан әкімімен, сот төрағасымен, полиция бөлімі бастығымен және әкімдік бөлімдерінің басшыларымен бірлесіп, кент тұрғындарымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормалары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ерекше назар алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алуға аударылып, тұрғындарға заңсыз әрекеттерден қорғану тәсілдері мен күнделікті өмірде қырағылық танытудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жедел шешуге ықпал етеді.
Аршалы ауданының прокуратурасы құқықтық ағартушылық бағытындағы жұмысын жалғастыра отырып, тұрғындармен ашық диалогқа әрдайым дайын.
Ақмола облысының прокуратурасы