2025 жылғы 9 шілдеде Бурабай аудандық сотының ғимаратында алдын алу шараларын талап ететін адамдарды шақыра отырып, ашық сот отырысы өтті.
Сот процесі жұбайына қарсы балағат сөздер айтқан құқықбұзушыға қатысты өтті, яғни отбасылық және тұрмыстық қатынастағы адамға құрметсіздік көрсетті.
Сот қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.
Аталған іс-шара азаматтар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сот жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы