Бұланды ауданының прокуратурасы ауданның жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша талдау жүргізді.
Талдаумен ЖАО веб-порталында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары уақтылы орналастырылмайтыны анықталды
Мысалы, Бұланды ауданының ТКШ бөлімі 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын 05.01.2025 жылы бекітті, алайда 28.01.2025 жылы ғана орналастырылды, яғни 16 жұмыс күні өткеннен кейін.
Жоғарыда аталған заңдылықты бұзу бәсекелестікті едәуір тарылтады, әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша ӘҚБтК 207-бабының 13-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 12 ЖАО басшысы тартылды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы 30 іс қозғалды), айыппұлдар 896 мың теңге сомасына төленді.
Ақмола облысының прокуратурасы