Қосшы қаласының тұрғындарына арналған «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өтті

Қосшы қаласының тұрғындарына арналған «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өтті

«Заң және Тәртіп» акциясы аясында және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Қосшы қаласының прокуратурасы Құқық қорғау органдары академиясы және Қосшы қаласының полиция бөлімімен бірлесіп қала тұрғындарына арналған «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кинотренинг өткізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға келесі ескертулер берілді:

-        PIN-кодты, CVV-кодты, SMS арқылы келген кодтарды ешқашан телефон арқылы айтпаңыз – тіпті қоңырау шалушы өзін банк қызметкері ретінде таныстырса да.

-        Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, күмән тудыратын сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз.

-        Құжаттар мен банк карталарының суреттерін бөтен адамдарға жібермеңіз.

-        Кез келген күмәнді жағдайда бірден полицияға немесе прокуратураға жүгініңіз.

Ақмола облысының прокуратурасы