Сапар аясында Марат Бақтыбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, облыс прокурорының орынбасары аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Жунісов және аудан прокуроры Н. Ережеповпен «Esil» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, ол 2026 жылы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысымен және Красивое ауылындағы су құбыры жүйесін кайта жаңғырту жобасымен танысты.
Ақмола облысының прокуратурасы