Жақсы ауданында ашық сот отырысы өтті

Жақсы ауданында ашық сот отырысы өтті

Жақсы ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында аудандық сотта өткен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес көлікті мас күйінде басқаруға, қатысты әкімшілік іс бойынша сот отырысын ұйымдастырды. Оған жол қозғалысына қатысушылар мен жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.

Құқық бұзушы осы әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. 

Бұл шара сот отырысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауын қалыптастыруға бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы