Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында Макинск қаласында 13 жыл бойы тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған ағайынды Вездецкийлер баспана алу кезегінен заңсыз шығарылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар аталған тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігін бұзған.
Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтіріліп, ағайынды жетім балалар көптен күткен баспаналарына ие болды.
Ақмола облысының прокуратурасы