Целиноград ауданы прокуратурасымен бақылау рейдтік жұмыстар жүргізілді

Целиноград ауданы прокуратурасымен бақылау рейдтік жұмыстар жүргізілді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында Целиноград ауданы аумағында Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық прокуратура, полиция бөлімі және жастар ресурстық орталығының бірлесуімен бақылау рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Рейд барысында өзен-көл жағасында демалушыларға суға түсуге байланысты қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді.

Тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай шаралар – жаз мезгілінде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ақмола облысының прокуратурасы