Алаяқтық – қылмыс!
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабында көзделген алаяқтық қылмысы туралы құқықтық түсініктеме ұсынамыз.
Алаяқтық — бұл бөтеннің мүлкін немесе мүліктік құқықтарын алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы иемдену. Мұндай әрекет үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, 2 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Осыған байланысты азаматтарға төмендегідей сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады:
Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;
Интернет арқылы сауда жасағанда тексерілген сайттарды ғана пайдаланыңыз;
Жеке деректеріңізді — ЖСН, банк картасы нөмірі, PIN-код, SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз;
Күмәнді жағдайлар туындаса, дереу полицияға немесе прокуратура органдарына жүгініңіз.
Тек бірлесе әрекет еткенде ғана біз алаяқтарға қарсы тиімді тосқауыл қоя аламыз.
Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқығын қорғау — прокуратура органдарының басты міндеті.
Ақмола облысының прокуратурасы