Зеренді ауданында «Көшпелі қабылдау» акциясының қорытынды кезеңі өтті

Зеренді ауданында «Көшпелі қабылдау» акциясының қорытынды кезеңі өтті

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің негізі болып табылады.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Көшпелі қабылдау» акциясы өткізілді.

Зеренді ауданында бұл бастама аудан прокуратурасы мен уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлесуімен табысты жүзеге асырылды.

Акция аясында ауданның 12 елді мекенінде, оның ішінде Қонысбай, Сейфуллин, Алексеевка және Күсеп ауылдарында көшпелі қабылдаулар ұйымдастырылды.

Іс-шара нәтижесінде 200-ден астам тұрғын қамтылып, құқықтық тәртіп, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы өзекті мәселелер қаралды.

Аяқталған акция азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланыстың маңыздылығын көрсетіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау институттарына деген сенімді нығайтуға ықпал етті.

#Заң_мен_Тәртіп       

 

Ақмола облысының прокуратурасы