Ақмола облысының прокуратурасында құқық қорғау және арнайы органдардың қатысуымен алқа отырысы өтті

Ақмола облысының прокуратурасында құқық қорғау және арнайы органдардың қатысуымен алқа отырысы өтті

Отырыста нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес, қоғаммен және бизнеспен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Алдын алу жүйелерін, дәріханалық нашақорлықты жетілдіруге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысында есірткі қылмысын анықтау 50% артып, синтетикалық есірткі өндіретін 1 зертхана мен 7 фитозертхана жойылғаны атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін облыстық полиция Департаментінің аға жедел уәкілі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Алғыс хатымен марапатталды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы