Прокуратура жасөспірімдерді қайта әлеуметтендіру бойынша семинар өткізді

Прокуратура жасөспірімдерді қайта әлеуметтендіру бойынша семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 30 маусымында облыс прокуратурасы Бас Прокурордың тапсырмасын және облыс прокуратурасының «Рецидивтің алдын алу» жобасын орындау шеңберінде пробация және жергілікті полиция қызметі есебінде тұрған адамдармен, сондай-ақ соттылығы жойылған адамдармен «Қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды әлеуметтендіру және бейімдеу» тақырыбында семинар өткізді.

Сотталғандармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және әлеуметтік кәсіпкерлердің өкілдері қатысты.

Оқытудың негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдер мен балаларды қолдау.

Іс-шара барысында олардың жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту және рецидив қаупін азайту және оларды сәтті қайта біріктіру үшін құқықтық қолдау бағдарламалары талқыланды.

                                 

Ақмола облысының прокуратурасы