Қазіргі таңда алаяқтардың тұрғындарды алдау әдістері барған сайын күрделеніп келеді. Әсіресе, телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп отыр.
Естеріңізге саламыз:
Ешқашан банк карталарыңыздың PIN-кодын, CVV кодын, бір реттік SMS арқылы келетін кодтарды үшінші тұлғаларға жарияламаңыз.
Өзіңіз туралы жеке мәліметтерді бейтаныс адамдарға бермеңіз.
Құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлерінің атынан хабарласқан адамдарға сенбеңіз — олар сізден ешқашан құпия деректерді сұрамайды.
Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда, дереу банкке немесе полицияға жүгініңіз.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін сақ болыңыз!
Қаржылық қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда!
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы