Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім балалардың баспана алуға бірінші кезектегі құқығы бар.
Бүгінгі таңда прокуратура актілері бойынша 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтары қалпына келтірілді.
Пәтерлерді қайтару, кезектен заңсыз алу, тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау және т. б. мәселелер бойынша шаралар қабылданды.
Мысалы, облыс орталығында жетім бала өтінім беру кезінде ешқандай негізсіз кезекке қоюдан бас тартылды.
Басқа жағдайда, аудан орталықтарының бірінде 2 жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрған.
Қадағалау актісі бойынша жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жазаланды.
Жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы