Бурабай ауданының прокуратурасымен қозғалысты ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынды

Бурабай ауданының прокуратурасымен қозғалысты ұйымдастыру бойынша жұмыстар қолға алынды

Жазғы маусымның басталуына және курорттық Бурабай аймағына туристік ағымның артуына байланысты кіреберістерде кептеліс мәселесі күрделене түсуде.

Көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Бурабай ауданының прокуратурасымен қозғалысты ұйымдастыру бойынша жұмыстар бастамашылықпен қолға алынды.

Бұған дейін жүргізушілерге көліктен түсіп, төлемді бақылау-өткізу пунктінде тікелей жүргізуге тура келсе, бұл көліктердің кептел3с3не себеп болған. Қазіргі таңда бұл рәсім оңтайландырылды.

Осылайша, аудан прокуратурасының бастамасымен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалы және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірлесіп, ұлттық парктің аумағында көлік жүргізушілері үшін байланыссыз төлем жасауға мүмкіндік беретін қосымша QR-кодтар орнатылды. Бұл өз кезегінде кезектерді айтарлықтай қысқартуға және көліктердің кіру үдерісін жеделдетуге мүмкіндік берді.

Аталған шаралар туристерге қолайлы жағдай жасау және ішкі туризмді дамыту мақсатында қабылданды.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда – жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде, кептеліс себептерін жою және өткізу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда.

#Заң_мен_Тәртіп           

 

Ақмола облысының прокуратурасы