Заң мен Тәртіп идеологиясын ілгерілету, сондай-ақ өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру мақсатында Жарқайың ауданы прокуратурасының қызметкерлері мектеп оқушыларына арналған «Заң және Мен» атты танымдық оқу іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесі туралы тұрақты білімін қалыптастыру, құқықтық сананы дамыту, сондай-ақ құқық нормаларына және мемлекеттік органдар өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Оқушыларға түсінікті әрі қызықты форматта еліміздің негізгі заң нормалары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді.
Құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін жауапкершілік тақырыбына ерекше назар аударылды. Балаларға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қандай әрекеттер жататыны, сондай-ақ жауапкершілікке тарту тәртібі түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өз әрекеттерінің салдарын бағалай білу және заңды мен заңсыз әрекетті ажырата алу қабілетін дамыту болды.
Іс-шараның интерактивті бөлімінде балалар өмірлік жағдайларды сахналап көрсетті, құқықтық жұмбақтарды шешті, викториналарға қатысып, тақырыптық сұрақтарға белсенді жауап берді.
Осындай іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жас ұрпақтың құқықтық мәдениеті мен санасын дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Жарқайың ауданының прокуратурасы алдағы уақытта да құқықтық тәрбие беру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып, білім беру мекемелерімен және басқа да мүдделі ұйымдармен тығыз байланыста профилактикалық және ағартушылық іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастырады.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы