Бурабай ауданының прокуратурасы балалар лагерьлеріне визуалды мониторинг жүргізді

Бурабай ауданының прокуратурасы балалар лагерьлеріне визуалды мониторинг жүргізді

Балалардың демалысын қауіпсіз жағдайларда ұйымдастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Бурабай ауданының прокуратурасы білім бөлімі және санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп «Burabai Bravo», «Звёздный» және «Орман ертегісі» балалар лагерьлеріне визуалды мониторинг жүргізді.

⠀Мониторингтік топ іссапар аясында келесі жағдайлармен танысты:

— балалардың жатын корпустарындағы орналасу жағдайымен,

— асхана мен ортақ пайдаланатын орындардың санитариялық жағдайымен,

— балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысы.

⠀       Визуалды тексеру барысында бірқатар маңызды мәселелер бойынша лагерь басшыларына санитариялық және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту, балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру және жарақаттанудың алдын алу деңгейін арттыру бағытында ұсыныстар мен түсіндірмелер берілді.

⠀       Балалармен тікелей тілдесуге ерекше назар аударылды. Балалар лагерьдегі өмірі, ойындары мен үйірмелері туралы әсерлерімен қуана бөлісіп, өз тілектерін жеткізді.

⠀       Прокуратура мұндай профилактикалық іс-шаралардың мақсаты жазалау емес, балалар өздерін қауіпсіз, жайлы және қамқорлықта сезінетін жағдайларды қамтамасыз ету екенін хабарлайды.

 

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы