2025 жылғы 26 маусымда аудан прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» апталығының басталуына орай уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кезекті «Көшпелі қабылдау» акциясын Бурабай кентінде өткізді.
Іс-шара барысында халыққа ыңғайлы болу үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, өтініштер қабылданды, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер және тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кеңестер берілді.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы