Ақкөл ауданында жасөспірімдер арасында «Құқық тәртібі» атты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақкөл ауданында жасөспірімдер арасында «Құқық тәртібі» атты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақкөл ауданында прокуратура және полиция қызметкерлері жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдер арасында «Құқық тәртібі» атты тақырыпта зорлық-зомбылық, буллинг, есірткі саудасы мен лудоманияға қатысты және азаматтық, әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық бойынша жасөспірімдер білуге тиісті заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жұмыстардың мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жазғы кезеңде олардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы