Ақмола облысының прокуратурасы флэшмоб ұйымдастырды

Ақмола облысының прокуратурасы флэшмоб ұйымдастырды

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасы «Салауатты өмір салты» тақырыбына арналған флэшмоб ұйымдастырды.

Акция жастарды есірткіге төзбеушілікке баулуға, жаман әдеттердің алдын алуға, спорттық қасиеттерді дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шараға облыстың жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысты.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы