Біржан сал ауданында прокурордың бизнес қауымдастықпен кездесуі

Біржан сал ауданында прокурордың бизнес қауымдастықпен кездесуі

Ағымдағы жылғы 25 маусымда Біржан сал ауданының прокуроры    А.Қ. Құлышев Степняк қаласындағы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өңірлік бақылау органдар басшылығының қатысуымен жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізді.

Іс-шара Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» апталық акциясын ресми түрде іске қосу аясында өткізілді.

Шараны аша отырып, аудан прокуроры кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын сақтаудың, билік органдарымен және қоғаммен тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын, сондай-ақ жоғары қадағалау органы үшін бұл саланың басымдылығын атап өтті.

Кездесу барысында қазіргі шаруалар мен кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері жеке талқыланды.

Жергілікті қадағалау органының басшысы кәсіпкерлерге бизнес саласындағы бар мәселелердің салдарын емес, себептерін жоюға бағытталған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының моделін жеткізді.

Сонымен қатар, есірткіні тарату, лудомания және интернет-алаяқтық сияқты заманауи келеңсіз құбылыстарға қарсы тұру шараларын түсіндірді.

Іс-шара соңында кәсіпкерлерге прокуратураның бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтың байланыс деректері жеткізілді.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы