2025 жылғы 25 маусымда Бурабай ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» апталығының басталуына орай уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қатаркөл ауылдық округі аумағында «Көшпелі қабылдау» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында халыққа ыңғайлы болу үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырып, өтініштер қабылданды, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер және тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кеңестер берілді.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты – прокуратура органдарының ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын нығайту, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді жедел шешу болды.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы