Сандықтау ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында тұрғындармен кездесу ұйымдастырды

Сандықтау ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында тұрғындармен кездесу ұйымдастырды

Сандықтау ауданы прокуратурасы ауданның құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып  «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында Балкашино ауылының орталық алаңында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – заң түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, халыққа жедел құқықтық көмек көрсету.

Іс шара барысында азаматтар прокуратура және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қою арқылы қажетті түсіндірулер алды.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы