Көкшетау қаласының прокуратурасында «Ашық есік күні» өткізілді

Көкшетау қаласының прокуратурасында «Ашық есік күні» өткізілді

Көкшетау қаласының прокуратурасында Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында жариялаған «Заң және Тәртіп» аптасына арналған «Ашық есік күнін» өткізілді.

Іс-шара барысында прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізді: қатысушыларға құқықтары бойынша түсініктемелер берілді, нақты құқықтық жағдайлар қаралды, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, акцияға қатысушылар органның қадағалау қызметімен таныстырылды, IT-мүмкіндіктері мен бағыттар бойынша жетістіктері көрсетілді, сондай-ақ прокуратура ғимараты бойынша шағын экскурсия өткізілді, соның ішінде мұражайға бару арқылы олар прокуратура органдарының  тарихымен және олардың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысты.

Аталған іс-шара құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастаманың бір бөлігіне айналды.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы