«Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Қайталама құқықбұзушылықтың алдын алу» қағидаты аясында, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында Аршалы ауданының прокуратурасымен Қазақстандық күш иесі, күштік өнер көрсетулер бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Валерьевич Цирюльниковпен кездесу ұйымдастырылды.
Ауданға келген сапары барысында С. Цирюльников Аршалы кентінің жастары және №2 мекеменің сотталғандарымен кездесу өткізіп, өз өмір жолы мен жеңіске жету тарихын қуана баяндап берді. Бұл әңгіме жас ұрпақты жаңа белестерге жетуге ынталандырып, оларға мотивация берді.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы