Бурабай ауданы прокуратурасымен «Көшпелі қабылдау» акциясы өтті

Бурабай ауданы прокуратурасымен «Көшпелі қабылдау» акциясы өтті

Бурабай ауданы прокуратурасымен «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Көшпелі қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында тұрғындарға ыңғайлы жерде көшпелі қабылдау өткізіліп, азаматтардың өтініштері қаралды, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірмелер беріліп, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер және тұрғын үй қатынастары салалары бойынша кеңестер ұсынылды.

 

Көшпелі қабылдаудың негізгі мақсаты – прокуратура органдарының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың өзекті мәселелеріне жедел әрекет ету.

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы