Ерейментау ауданында орналасқан төрт ауылдың тұрғындары өз еріктерімен алкогольді ішуден бас тартты

Ерейментау ауданында орналасқан төрт ауылдың тұрғындары өз еріктерімен алкогольді ішуден бас тартты

 

Ерейментау ауданы прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтқанда, прокуратура қызметкерлері Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, шараның басты тақырыбы ауыл аумағында алкоголь өнімдерін тұтынудан және сатудан ерікті түрде бас тарту болды.

Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, бірауыздан мақұлданды, олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Осы бастама қоғамдық тәртіпті нығайтуда елеулі қадам жасауға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы аталған ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

        Аудан прокуроры басқа ауылдардың тұрғындарымен кездесу барысында Еңбек ауылы тұрғындары үлгісіне еруді ұсынды.     

Кездесулердің нәтижесінде тағы үш ауыл тұрғындары белсенді азаматтық ұстанымдарын танытып, қауіпсіз әрі салауатты өмір сүру ортасын құруға ұмтылатын елді мекендердің қатарына қосылды.

         Алкогольден бас тарту — прокуратура органдарының, жергілікті биліктің және белсенді тұрғындардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып, қоғамның құқық тәртібін нығайтуға және өмір сүру сапасын арттыруға қосқан шынайы үлесін көрсетті.

 

Ақмола облысының прокуратурасы