Ақмола облысының прокуратурасы бос лауазымға ішкі байқау жариялайды (прокуратура органдары қызметкерлері арасында)

Ақмола облысының прокуратурасы бос лауазымға ішкі байқау жариялайды (прокуратура органдары қызметкерлері арасында)

Ақмола облысының прокуратурасы

бос лауазымға ішкі байқау жариялайды

(прокуратура органдары қызметкерлері арасында)

облыс прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы С-OGP-4 (1 бірлік)

Конкурсқа қатысушыларға біліктілік талаптар: 

          1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес,
         2) немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы,
         3) немесе мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес,
         4) немесе осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 217 673 тенге).

Функционалдық міндеттері:

-әлеуметтік-экономикалық салада, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында, соттарда мемлекет мүддесін білдіру және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бойынша топтарға жүктелген міндеттердің орындалуын, Бас прокуратура мен облыс прокуратурасы алқаларының шешімдерін орындауды, ҚР Бас прокуратурасының және облыс прокуратурасы басшылығының жұмыс жоспарларын, бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмалары мен нұсқауларын орындауды қамтамасыз етеді;  

- топтармен атқарылған жұмыстар туралы есеп дайындайды;

- жедел кеңестер өткізеді, топ қызметкерлерінің есептерін тыңдайды;

- пәндік-аймақтық принцип бойынша прокурорлардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;

- есептердің уақытылы тапсырылуын және АЕҚ уақтылы толтырылуын бақылайды;

- топтарда өтініштердің қозғалыс есебін жүргізеді ;

- топтар мен қала, аудан прокурорларының оң тәжірибелерін таратады;

- топтарда кадр саясаты, тәртіптік тәжірибе және көтермелеу бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізеді;

- есепке алуды жүргізеді және бақылауға алынған тапсырмалар бойынша басшылықты уақтылы хабардар етеді;

- жедел кеңестердің хаттамаларын жасайды және есебін жүргізіп, олардың орындалуын бақылайды;

- топтардың ұсыныстары негізінде облыс прокуратурасының және Басқарманың жұмыс жоспарларына ұсыныстар енгізеді. 

Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Өтінішке қоса беріледі:

  1. жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама,
  2. қарамағындағы үміткерге берілген лауазымды тұлғаның ұсынымхаты.

Бас прокуратураның қызметкерлеріне – құрылымдық бөлімше басшысының не оның орынбасарының қойылған қолымен; облыс прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың, Академияның, ҚСжАЕК-тің қызметкерлеріне - облыс прокурорының, Академия ректорының, ҚСжАЕК төрағасының не олардың орынбасарларының қойылған қолымен қоса тіркеледі.

ҚР БП 25.09.2019ж. №118 бұйрығымен бекітілген, өтініштің және ұсыным хаттың нысандары Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің жоғарғы басшы лауазымына конкурс өткізу Қағидаларымен бекітілген (1, 2 - қосымшалар).

 

 23.09.2020ж. Мекен жайы: Көкшетау қаласы, Біржан Сал көшесі, 45, индекс 020000 (телефон: 8 (7162) 25-05-93).

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

1-қосымша

 

 

нысан

 

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін арыз

_____________________________________________________________

(лауазымның атауы)

бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.

            Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу үшін ішкі конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға келісемін және міндеттенемін.

Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. ___________________________________
  2. ___________________________________
  3. ___________________________________

Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

 

 

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

«      » ____________ 20____ ж.

 

 

Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

2-қосымша

 

 

нысан

 


Ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа
ҰСЫНЫМХАТ

 

 

_____________________________________________________________

(лауазымның атауы)

жарияланған бос лауазымға ішкі конкурсқа қатысу үшін __________________ __________________________________________________________________ ұсынамын             (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)

 

Кандидат мынадай қасиеттерге ие ________________________________ __________________________________________________________________

__________________________________________________________________ __________________________________________________________________

 (кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген қасиеттердің кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)

Қосымша ақпарат:

_________________________________________________________________________________________________________________________________.

 

 

Ұсынып отырған адамның

лауазымы                                     қойған қолы              Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

прокуратура органдары жүйесінің

жоғары тұрған басшы лауазымдарына

конкурс өткізу қағидаларына

5-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы

 

Бағдарлама

Сұрақтар саны

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (35 сұрақ)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (35 сұрақ),

Қазақстан Республикасының Заңдары:

«Прокуратура туралы» (25 сұрақ),
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

120