Ақмола облысы прокуратурасымен бюджет заңнамасы саласында құқықбұзушылықтар анықталды

Ақмола облысы прокуратурасымен бюджет заңнамасы саласында құқықбұзушылықтар анықталды

Бұланды ауданының прокуратурасы талдау барысында жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ЖАО) бюджетті сомалар мен олардың шығыстарының дұрыстығын қамтамасыз етпей жоспарлайтыны анықталды

Мысалы, ЖАО әкімшілік ғимаратты жөндеуге 39,1 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім жолдады.

         Жоспарланған шығыстарды негіздеу үшін бюджеттік өтінімге ақаулы акт, сондай-ақ ағымдағы жөндеу бойынша сметалық құжаттама қоса берілді.

         Алайда, жоғарыда аталған құжаттаманы зерделеу арқылы күрделі жөндеуге жататын жұмыс түрлері анықталды.

         Мұндай жағдайларда жоспарланған сома негізсіз болды, өйткені сметалық құжаттаманың сындарлы шешімдері, сондай-ақ баға белгілеуі сараптамамен тексерілмеген.

         Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлімді қаржыландыру жоспары азайтылды, 39,1 млн теңге көлемінде қаражат қайта бөлінді, Бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы