Қазақстан Республикасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің тапсырмаларын орындау және «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасын іске асыру аясында Атбасар ауданының прокуратурасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ақмола облысы прокуратурасы, пробация қызметі, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен Отбасыны қолдау орталығының өкілдерімен бірлесіп семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара пробация есебінде тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталды. Шартты түрде сотталған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, олардың мінез-құлқына бақылау ұйымдастыру, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе мен ақпарат алмасуды жүйелі түрде жалғастыру туралы уағдаласты.
Прокуратура алдағы уақытта да құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың қайталануына жол бермеу мақсатында мүдделі құрылымдармен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті.
Ақмола облысының прокуратурасы