«Заң мен Тәртіп» жобасын іске асыру шеңберінде, Жақсы ауданының прокуратурасы әкім аппаратымен және Жақсы ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, 2024 жылға және 2025 жылдың өткен кезеңіне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.
Жиынға ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, аудандық аурухана басшылығы, пробация қызметі және басқа да мемлекеттік органдар қатысты.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың, мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтардың және т.б. алдын алу бойынша проблемалық мәселелер көтерілді.
Отырыс қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мен оның күшейту бойынша ұсыныстар әзірленді.
Ақмола облысының прокуратурасы