Шортанды ауданының прокуроры әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Шортанды ауданының прокуроры әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

2025 жылғы 4 маусымда Шортанды ауданының прокуроры Т.Ж. Оспанов жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйым өкілдерімен бірге Шортанды ауданы Пригородное ауылында мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан – фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс барысымен танысты.

Аталған жоба Пригородное ауылында алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық-санитариялық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылуда. Оның өткізу қабілеті – ауысымына 40 қабылдауға дейін (жалпы ауданы – 261,80 шаршы метр, құрылыс алаңы – 344,92 шаршы метр).

Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстың 80 пайызы аяқталған, соның ішінде желілерді (сумен жабдықтау, кәріз және электрмен қамту) орнату толық көлемде орындалған, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жоспарына сәйкес құрылыс толықтай 2025 жылдың шілде айының соңында аяқталады деп күтілуде.

Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында аудан прокуроры мердігер ұйым өкілін еңбек заңнамасын, құрылыс нормалары мен ережелерін сақтау, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен балалардың құрылыс алаңына кіруіне жол бермеу қажеттігі жөнінде назарға алды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы